Орал қаласының орталығында ұзын жүк көлігі мектеп ғимаратына келіп соғылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ
“Мой город” басылымының жазуынша, жол апаты сағат 22:00 шамасында болғандықтан, мектеп аумағында ешкім болмаған. БҚО Полиция департаменті ауыр жүк көлігі Мендалиев көшесімен келе жатып, алдымен HYUNDAI көлігіне соғылғанын айтады. Осыдан кейін екеуі мектептің қоршауына соғылады, ары қарай айналған жүк көлігі №36 мектеп ғимаратына соғылады.
Ауыр жүк көлігінің 62 жастағы жүргізушісі Әзірбайжан азаматы екен. Ол рөлде отырған кезінде естен жоғалтқан, ер адам нейроинсульт бөліміне жеткізілді. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша материал жиналды. Ауыр жүк көлігі айып тұрағына қойылды, – деп хабарлайды ведомство.
ДӘРІГЕРЛЕР НЕ ДЕЙДІ
БҚО Денсаулық сақтау басқармасы ер адамның инсульт алғанын нақтылады.
Жедел медициналық жәрдем бригадасы жүргізушіні қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізді. Содан кейін ол нейроинсульт бөліміне "тілден айырылу белгілері бойынша геморрагиялық типтегі ми қан айналымының жедел бұзылысы" диагнозымен жатқызылды, - дейді дәрігерлер.
Ведомство науқастың жағдайы ауыр екенін айтады.