×
493.85
519.04
4.97
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
493.85
519.04
4.97

Абхазияда оппозицияны жақтаушылар Президент әкімшілігін де басып алды

Абхазияда оппозицияны жақтаушылар Президент әкімшілігін де басып алды
Фото: дереккөз

Абхазияда парламент ғимаратының торларын сындырып, ғимаратты басып алған оппозицияны жақтаушылар Президент әкімшілігінің ғимаратын да басып алды. Олар әкімшілік дәліздері арқылы қозғалып келе жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

Eadaily.com сайтының жазуынша, наразылық білдірушілер көп қарсылық көрсетпейді. Бұған дейін оппозициялық пабликтер кейбір қауіпсіздік күштерінің наразылық білдірушілердің қол шапалақтауымен парламент ғимаратынан шығып кеткені түсірілген видеоны жариялаған.

Оппозиция жетекшілерінің бірі Леван Микаа президент Аслан Бжания отставкаға кеткенге дейін халық ғимаратта қалады деп мәлімдеді.

ОЛАР ҚАНДАЙ ТАЛАП ҚОЙДЫ

Билік Сухумдағы жағдайды тұрақтандыруға тырысуда - әкімшілік Ресеймен инвестициялық келісімді ратификациялау туралы заң жобасын кері қайтарып алуға дайындалып жатқанын хабарлады. Дегенмен, бұл наразылық білдірушілердің таңертеңгі талабы. Депутаттар ратификациялау мәселесі қаралатын сессияны кейінге қалдырып, кейін ратификациялауға қарсы дауыс беру талабын орындамаған кезде наразылық білдірушілер президенттің отставкаға кетуін талап етті.

АЛДЫҢҒЫ ОҚИҒАЛАР

Наразылықтар 11 қарашада Сухумиде басталған. Шерушілер Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі ғимаратының алдында жиналып, қамауға алынған оппозиция өкілдерін босатуды талап етті. Артынша, наразылық білдірушілер мен құқық қорғаушылар арасында қақтығыстар болып, шерушілер негізгі жолдарды жауып, қаладан шығатын үш көпірді бөгеген. Кейін билікпен келіссөздерден кейін бір көпір уақытша ашылғанымен, көп ұзамай қайта жабылды.

АБХАЗИЯ

Абхазия – Кавказ аймағында орналасқан ел. Ол Қара теңіздің шығыс жағалауында, Грузияның солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Абхазияның құқықтық мәртебесі даулы болып саналады. Халықаралық қауымдастықтың көпшілігі оны Грузияның бір бөлігі деп санайды, бірақ Абхазия өзін 1992-1993 жылдардағы соғыстан кейін тәуелсіз республика деп жариялаған. 2008 жылы Ресей Абхазияның тәуелсіздігін ресми түрде мойындады, содан бері оны бірнеше басқа елдер де мойындады. Дегенмен, Абхазияның тәуелсіздігін Қазақстан және көптеген халықаралық мемлекеттер мойындаған жоқ, олар оны Грузияның аумақтық тұтастығының бөлігі ретінде қарастырады.

Еске салсақ, бұған дейін Абхазияда наразылық білдірушілер парламент ғимаратын басып алуға тырысқанын жазған едік.