Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарасу ауылы мыңында жеңіл автокөлік қалың қардан жүре алмай, көлік ішінде 4 адам қалып кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Құтқарушылар дереу оқиға орнына жетіп, көлік ішіндегі 4 адамды, оның ішінде 2 баланы қар құрсауынан шығарды. Оларға медициналық көмек қажет болмады. Азаматтар жақын маңдағы елді мекенге жеткізілді», деп мәлімдеді ТЖМ баспасөз қызметі.
ТЖМ қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Сонымен бірге ауа райының өзгеруін, жолдардағы қозғалыстың шектелуін қадағалауды сұрайды.
Айта кетейік, бұған дейін БАҚ бетінде Алматы облысына демалуға барған жігіттер қар құрсауында қалғанын туралы ақпарат шыққан.