Жамбыл облысы бойынша есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының басшысы Қазақстанның өзге аймақтарына марихуана сатып келген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы туралы облыстық сот хабарлады.
ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ
Жамбыл облысының ҚіжМАС-да лауазымды адам өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сатып алу, тасымалдау, сақтау, өткізу бойынша айыпталған полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сот үкімімен есірткімен күресуі тиіс полиция майоры есірткіні заңсыз сақтағаны және сатқаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды.
ӨЗГЕ ДЕРЕКТЕР
Сотта анықталғандай, сотталушы желілік полиция бөлімінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы лауазымын атқара отырып, бұрын бірнеше рет сотталған Тараз қаласының тұрғыны Щ.-мен танысқан.
“Есірткі арналарын анықтау, ашу және жолын кесу бойынша жұмыс көрсеткіштерін жасанды арттыру мақсатында, үшінші тұлғаларға басқа аймаққа Щ. арқылы өткізу және кейіннен оларды ұстау мақсатында аса ірі мөлшерде салмағы 1080,03 гр «кептірілген марихуана» есірткі құралын заңсыз сатып алған”, делінген облыстық соттың ақпаратында.
Сотталушы М.-ның кінәсі дәлелдемелер мен қылмыстық іс материалдарының жиынтығымен расталса да ол өз кінәсін мойындамады.
СОТ ҮКІМІ
Сот үкімімен полицей Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі 3) тармағымен кінәлі деп танылып, оған полиция «майоры» арнағы атағынан айыра отырып, 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.