×
495.95
524.37
4.98
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.95
524.37
4.98

АҚШ-тың ізімен тағы екі ел Ресейді алысқа ұшатын қарумен атқылауға рұқсат берді

Бүгін, 16:43
АҚШ-тың ізімен тағы екі ел Ресейді алысқа ұшатын қарумен атқылауға рұқсат берді
ашық дереккөзден

Украинаға Франция мен Британия Ресейдің ішкері жағына Storm Shadow қаруымен соққы жасауға рұхсат берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Қос ел де АҚШ бастағаннан кейін Украинаға алысқа ұшатын зымырандарын Ресейдің ішкері аймақтарын атқылауға шектеуді алып тастаған деп жазды eadaily.com сайты Le Figaro басылымына сілтеме жасап.

“Француздар мен британдықтар АҚШ-тың ізімен Украинаға өздерінің алысқа ұшатын SCALP / Storm Shadow зымырандарымен Ресейдің терең аумағын атқылауға рұхсат берді” деп жазған газет егжей-тегжейін келтірместен.

Бұған дейін New York Times америкалық шенеуніктерге сілтей отырып, АҚШ президенті Джо Байден алғаш рет Украинаға АҚШ жеткізген ұзақ қашықтықтағы ATACMS зымырандарын Ресей аумағына соққы жасау үшін қолдануға рұқсат бергенін жазған.

ATACMS МҮМКІНДІКТЕРІ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ ЖОСПАРЫ

ATACMS баллистикалық зымырандары 300 шақырымға дейінгі қашықтықтағы нысандарды дәл көздеуге қабілетті. Басылымның мәліметінше, бұл қару алдымен Ресей мен Солтүстік Корея әскерлеріне қарсы, әсіресе Украина Қарулы Күштерінің Курск облысындағы позицияларын қорғау мақсатында қолданылуы мүмкін.

NYT-тың хабарлауынша, Ресей шамамен 50 000 сарбаздан тұратын әскерді, оның ішінде Солтүстік Корея әскерлерін, Украина күштерінің тамыз айында басып алған аумақтарын қайтару үшін кең ауқымды шабуылға дайындап жатыр.

САЯСАТТАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР

Бұл шешім Байденнің президенттік мерзімінің аяқталуына екі ай қалғанда қабылданды әрі АҚШ-тың Украинаға қатысты саясатының маңызды өзгерісі ретінде бағаланды. Бұған дейін Вашингтон Украинаның Ресей тылына соққы жасауына тыйым салып келген, себебі бұл аймақтағы және Еуропадағы жағдайдың ушығуына әкелуі мүмкін деп қауіптенген.

ТАРАПТАР РЕАКЦИЯСЫ

Украина президенті Владимир Зеленский бұл ақпаратқа байланысты армиясына ұзақ қашықтықта соққы беру мүмкіндігін беру – серіктестеріне ұсынған Жеңіс жоспарының маңызды тармағының бірі екенін айтты.

“Бүгін көптеген БАҚ бізге тиісті әрекеттерге рұқсат берілгенін айтып жатыр. Бірақ соққылар сөзбен жасалмайды. Мұндай нәрселер жария етілмейді. Зымырандар өздері-ақ бәрін айтып береді. Міндетті түрде” деп пікір білдірді ол.

Ресей думасындағы халықаралық істер комитетінің төрағасы Леонид Слуцкий америкалық зымырандардың Ресей аумағына жіберілуі қақтығыс аясын кеңейтуге әкеліп соғатынын мәлімдеген.