Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қазір бұл фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ
Әлеуметтік желілерде Алматы қаласының Әуезов ауданында жасөспірім тұрғын үй кешенінің терезесінен құлап, мерт болды деген ақпарат тарады.
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС
Осы факті бойынша полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бап – Өзін-өзі өлтіруге итермелеу бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.
Еске сала кетсек, биыл шілде айында Ақмола облысында 15 жастағы жасөспірім қыз өзіне қол жұмсаған.
Сондай-ақ Астанада балалар өз ішіндегі ең кішісін бесінші қабаттан лақтырып жібермек болғанын жазғанбыз.
Одан кейін Ақмола облысы Жібек Жолы елді мекенінде жасөспірім қыз өзіне қол салған.
Жалпы елде кейінгі кезде өзіне қол жұмсау фактілері көбейіп кетті. 16 қыркүйекте Алматыда мектептің екі оқушысы биіктен секіріп кеткен.