×
503.15
543.3
5.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.15
543.3
5.93

Алматыдағы жаппай төбелес: полиция бұзақыларды қолға түсірді

18.11.2024, 19:25
Алматыдағы жаппай төбелес: полиция бұзақыларды қолға түсірді
Ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде Алматы аулаларының бірінде болған жаппай төбелестің видеосы пайда болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОҚИҒА ЖЕЛІСІ

Кадрларда екі ер адам бір-бірімен жанжалдасып, оларға қарай тартылған адамдар көбейе бастағанын көруге болады. Содан кейін қатысушылардың бірі қарсыласын асфальтқа алып ұрады. Артынша оларды оқиға орнынан сүйреп, жәбірленушіні көтеріп, алып кетеді.

Бұл факті бойынша Жетісу аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Қақтығысқа қатысушылар анықталып, ұсталды. Олардың әрқайсысының әрекетіне құқықтық баға беріледі, дейді полицейлер.