×
497.26
525.21
4.97
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
497.26
525.21
4.97

Қазақстанда 1,3 мың шақырым жаңа теміржол салынады

19.11.2024, 10:29
Қазақстанда 1,3 мың шақырым жаңа теміржол салынады
Көрнекі сурет

Үкімет отырысында инфрақұрылымды жаңғырту және көліктік-логистикалық әлеуетті дамыту мәселелері қаралды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаровтың сөзінше, ел аумағы арқылы 13 халықаралық көлік дәлізі өтеді, оның 5 теміржол және 8 автомобиль дәлізі.

2030 жылға қарай "Транскаспий халықаралық көлік бағдары" бағыты мен “Солтүстік–Оңтүстік” көлік дәлізінің өткізу мүмкіндігін 20 млн тоннаға дейін арттыру көзделіп отыр.

Одан бөлек 2027 жылға дейін 1,3 мың км жаңа теміржол салу жоспарланған. Қазіргі уақытта «Достық» стансасының өткізу мүмкіндігін жылына 35 млн тоннаға дейін арттыруға, Алматы стансасы арқылы жүк өткізу уақытын қысқартуға, Сарыағаш стансасын босатуға және Қытай бағытына қосымша 20 млн тоннаға дейін жүк өткізу қуатын қалыптастыруға мүмкіндік береді. 

АВТО ЖӘНЕ ТЕҢІЗ ЖОЛЫ

2029 жылға дейін 11 мың шақырым теміржол учаскелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілмек, оның 2,8 мың шақырымында тиісті жұмыстар аяқталды. Бұдан бөлек, Құрық теңіз порты арқылы жүк тасымалын арттыру бойынша шаралар қабылдаудамыз. Құрық портында астық терминалын іске қосу жоспарланған. Сонымен қатар, Abu Dhabi Ports компаниясымен бірлесіп, «Саржа» көпфункционалды теңіз терминалының құрылысын жүзеге асыру қолға алынды. Нәтижесінде, Қазақстан порттарының өткізу мүмкіндігі жылына 30 млн тоннаға дейін артатын болады», – деп мәлімдеді вице-министр.

2027 жылға дейін 12 мың шақырым жолды салу және реконструкциялау жоспарлануда, оның 7 мың шақырымы 2024 жылы аяқталады, оның ішінде төрт негізгі автодәліз қайта жаңартылады.

ӨТКІЗУ ПУНКТТЕРІ

Сондай-ақ өткізу пунктері жаңғыртылатын болады. Көлік министрлігінің мәліметінше, 2029 жылға дейін 36 өткізу пунктін кезең-кезеңімен жаңғырту жоспарланған, 2025 жылы алты пунктте жөндеу жұмыстары басталады.