×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ресейдің ірі крипто-биржасының басшысы Қазақстан тарапының арызымен Польшада ұсталды

20.09.2021, 08:59
Ресейдің ірі крипто-биржасының басшысы Қазақстан тарапының арызымен Польшада ұсталды
Фото: BBC.com

Варшавада ресейлік ірі Wex крипто-биржасының бұрынғы басшысы Дмитрий Васильев ұсталды.

Екі жыл бұрын ол Италияда қамауға алынған.  Сол кезде ол Ресейге жіберілді. Бұл жолы оны алаяқтық бойынша қылмыстық іс қозғалған Қазақстанға экстрадициялауы мүмкін, деп хабарлайды BBC.

“34 жастағы Дмитрий Васильев тамызда Варшавада ұсталды, бірақ поляктық Wyborcza газеті бұл туралы енді білді. Васильевтің тұтқындалғаны туралы қауесет тамыз айының соңынан бері Wex биржасының бұрынғы клиенттері арасында таралды. Васильевтің жақын танысы ВВС -ге оның Варшавада шынымен ұсталғанын растады. Ұстау Варшава әуежайында 11 тамызда болды, содан кейін оны сот 40 күнге қамауға алды. Польшаның оған ешқандай шағымы жоқ: Қазақстан оған Интерпол арқылы бірнеше жыл бойы іздеу салған”,- деп жазады агенттік.