×
497.89
525.12
5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
497.89
525.12
5

"Кесіп, сынықтарды сатқан". Зират тонаған қос қостанайлыққа үкім шықты

Бүгін, 14:24
"Кесіп, сынықтарды сатқан". Зират тонаған қос қостанайлыққа үкім шықты
Көрнекі сурет

Қостанай облысының аудандық соты зираттардағы темір қоршауларды ұрлағаны үшін айыпталған екі адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

Соттың деректеріне сәйкес, келтірілген залал көлемі 1 780 000 теңгені құраған.

2024 жылдың маусымынан шілдесіне дейін айыпталушылар Б. мен Г. балғаның көмегімен үш бейіттен темір қоршауларды кесіп, металл сынықтары ретінде қабылдау пунктіне сатқан.

СОТ ШЕШІМІ

Мемлекеттік айыптаушы әрқайсысына 4 жыл шектеу жазасын сұраған.

Жәбірленушілер, оның ішінде марқұмдардың туыстары айыпталушылармен татуласқанын айтып, жазаны жеңілдетуді сұраған. Айыпталушылар өз кінәсін толық мойындап, әрекетіне өкінетінін айтқан. Сот бұл жағдайды жеңілдетуші мән-жай ретінде ескеріп, айыпкерлер 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасына тартылып, пробациялық бақылауға алынды.

Сонымен қатар жәбірленушілердің бірі 500 мың теңге көлемінде азаматтық талап-арыз түсіріп, бұл талап сотта қанағаттандырылған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Орал қаласында да осыған ұқсас жағдай болып, полиция зираттағы ұрлыққа байланысты тергеу жұмыстарын жүргіззіп жатыр.