×
497.89
525.12
5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
497.89
525.12
5

«Үйіме келіп жылайтын»: Баян Алагөзова Ерке Есмахан туралы құпияны бөлісті

«Үйіме келіп жылайтын»: Баян Алагөзова Ерке Есмахан туралы құпияны бөлісті
Фото: видеодан скрин

Танымал продюсер Баян Алагөзова Ерке Есмаханмен жұмыс істеген кезді еске алып, басынан өткен жағдайды айтты,деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«РАКЕТА СИЯҚТЫ ҰШЫП КЕТТІ»

Ол Ерке Есмахан көп еңбектенгенімен, ұзақ уақыт жолы болмай жүргенін айтты. 

Ерке Есмахан жұлдызды сәтін ұзақ күтті, көп еңбектенді. Екеуміз барымызды салдық. Бірақ сәті түспей жатты. Ол маған келіп, "Баян Мақсатқызы, сіз Жанарды, Мөлдірді, Кәмшатты жұлдыз еттіңіз. Неге менің бағым жанбай жатыр?" деп айтатын. Мен оған "Сенің уақытың келеді, күту керек, мойыма" дедім. Бұл сөздерімді өзі де растайды. Ол ерекше нәзік дауыс иесі. Мұндай дауыс тыңдарманға ұнамауы мүмкін емес. Ол үйіме келіп, жылап отыратын. "Не істейміз?" деп басымыз қатты. Бірнеше рет жолымыз болмады, соңында ол қыз эстраданы жарды. Ракета секілді ұшып кетті", – деді продюсер  Din Dina Show бағдарламасында. 

СУРРОГАТ АНА ҚЫЗМЕТІНІҢ БАҒАСЫ

Еске салсақ,бұған дейін белгілі продюсер Баян Алагөзова Республика күніне орай президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан алғыс хат алғанын жазған едік. 

Сондай-ақ ол «Көреміз» бағдарламасында суррогат ана қызметінің бағасы туралы айтқан болатын.

Продюсер бұған дейін саясатта болса, Қазақстан үшін не істейтінін мәлімдеген еді.