Оқу-ағарту министрлігі Қазақстандағы жұмысшы мамандықтарын жарнамалау үшін блогерлердің қызметіне жүгінеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚҰЖАТТА НЕ АЙТЫЛҒАН
Министрлік жұмысшы мамандықтарының имиджін жақсарту үшін Қазақстандағы блогерлер мен мобилографтарды қолданбақ. Олар Instagram, TikTok және Facebook желілерінде "Жұмысшы мамандықтары жылы" және "Еңбек адамы" хэштегімен подкасттар мен бейнероликтер жасауға шақырылады.
Бұл президент Тоқаевтың 2025 жылды "Жұмысшы мамандықтары жылы" деп жариялауымен байланысты.
Оқу-ағарту министрлігі 2025 жылғы “жұмысшы мамандықтары жылын” өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасын ұсынды. "Ашық НҚА" порталында "Жұмысшы мамандықтарының имиджін насихаттаудың 10 қадамы" ұсынылған құжат жарияланды.
#Жұмысшы мамандықтар жылы хэштегімен экономиканың түрлі салаларындағы жұмысшылардың табыстары туралы танымал блогерлермен подкасттар түсіру. Экономиканың әртүрлі салаларындағы жұмысшы кәсіптері өкілдерінің жетістіктері туралы әңгімелейтін танымал блогерлердің қатысуымен подкасттар сериясы. "Instagram", "Facebook" және басқа да танымал әлеуметтік желілерде "TikTok" форматында жұмыс мамандықтарының артықшылықтары мен мүмкіндіктерін ашатын посттар, онлайн челендждер мен роликтер дайындау, – делінген құжатта.
ОҒАН ҚАНША АҚША КЕТЕДІ
Министрліктің мәліметінше, әрбір шығарылым өз саласында жетістікке жеткен белгілі бір адамның тарихына арналған болуы тиіс.
Блогерлер мен мобилографтар арасында "Еңбек адамы" үздік бейнесі үшін конкурс өткізу. Рилстар (Reels) арқылы қысқа бейнелер тарату арқылы жұмысшы кадрлардың оң имиджін құру және әлеуметтік желілерде ілгерілету, – делінген құжат жобасында.
Оқу-ағарту министрлігі бұл іс-шаралардың барлығын республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруды ұсынып отыр. Нақты сомалар әлі белгісіз.
Бұған дейін 2-сыныптың оқулығында жүр делінген бір шумақ өлең желі қолданушыларының сынына ұшыраған болатын.