ҚазАвтоЖол екі облыста көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысына шектеу қойылатыны туралы шұғыл ақпарат таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚазАвтоЖол мәліметінше, жалпы жиыны 400 шақырымнан астам жол қозғалысы уақытша жабылады.
Атап айтқанда, Ұлытау облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Қызылорда-Павлодар" автожолының 216-424 шақырымы аралығында (Қызылорда облысының шекарасынан Жезқазған қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
Сондай-ақ Ұлытау облысында ауа райының бұзылуына байланысты Қызылорда облысында "Қызылорда-Павлодар" автожолының 12-216 шақырымы аралығында (Қызылорда қаласынан Ұлытау облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылған.
Жолды 2024 жылғы 20 қараша сағат 20:00-де ашу жоспарланған.