×
497.26
525.21
4.97
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
497.26
525.21
4.97

«Заңға пысқырмай ма?!»: Әнару Құрманәлінің адвокаты Жанқош Тұраровқа шүйлікті

«Заңға пысқырмай ма?!»: Әнару Құрманәлінің адвокаты Жанқош Тұраровқа шүйлікті
Фото: ашық дереккөз

Белгілі адвокат Ләззат Ахатова өз қорғауындағы Әнару Қалдыбектің ісіне қатысты пікір білдіріп, боксшы Жанқош Тұраровқа шүйлікті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АДВОКАТ НЕ ДЕЙДІ

Әнарудың ісін тергеу органы жанын салып, істі жан-жақты зерттеп жатыр. Тергеуші де, полиция бөлімінің басшысы да жаңадан тағайындалған. Алайда Жанқош Тұраров кімге сеніп жатқанын білмейміз, күнде қырық сылтау айтып, шақырғанға келмейді. Біресе адвокаты қалада емес, біресе өзі “қатты ауырып жатыр-мыс”. Әйелі айтқандай, “аппақ” болса, келіп, өз уәждерін айтып, дәлелдерін ұсынбай ма? Осылар заңға пысқырмай, қай көкелеріне сенеді, өзі?!.. Мәжбүрлі түрде алдырту туралы талап қойдық, – деп жазды Ләззат Ахатова әлеуметтік желіде.

Бұған дейін Әнару Құрманәлі мен Жанқош Тұраровтың ісіне қатысты Әнарудың адвокаты Ләззат Ахатова құқық қорғау органдарындағы заңсыздықтар туралы айтқан болатын.

ОҚИҒА ЖАЙЛЫ

Еске салайық, 21 тамызда Жанқош Тұраров "қыз зорлады" деген ақпарат тараған болатын. Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі қылмыстық іс қозғалып, сараптама тағайындалғанын хабарлаған еді.

Кейінірек боксшының өзі тараған ақпаратқа қатысты жауап берді.

Кейін "Боксшы Жанқош Тұраров зорлады" деп айып таққан қыз тілшілерге сұхбат берді. Оның сөзінше, спортшы бірнеше жыл бойы "әйелім етіп аламын" деп алдап келген. Бойжеткен "соңғы кездесу зорлықпен аяқталды" дейді. Жәбірленуші денесіндегі көгерген жарақаттарына дейін көрсеткен.