×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

«Халықты алдап жүр»: «Елге көмек» қайырымдылық қоры туралы тың дерек шықты

«Халықты алдап жүр»: «Елге көмек» қайырымдылық қоры туралы тың дерек шықты
Фото: r-factor.kz

Алматылық келіншек тележурналист Гүлмира Әбіқайға «Елге көмек» қайырымдылық қоры халықты алдап, ақша жинап жүргенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

«АПАҒА ҮЙ АЛЫП БЕРЕЙІК»

Бұл туралы тележурналист Instagram-парақшасында жеткізді.

«Елге көмек» қайырымдылық қоры «осы апаға үй алып берейік, бір қазақ үйлі болсын» деп видео түсірді. Бәріміз сендік. Кейін «апаға үй алдық, осынша ақша жиналды» деп есеп берді. Апаны 3-4 ай көрмедік. Бірақ бір күні тағы қайыр сұрап отырғанын көрдім. Жанына барып «апа, үйіңіз бар, неге тағы шықтыңыз?» деп сұрадым. Ол кісі бәрінің өтірік екенін айтты», – дейді алматылық келіншек. 

«БӘРІН ВИДЕО ҮШІН ЖАСАҒАН»

Келіншектің сөзіне қарағанда, қайырымдылық қоры қарияны жалдамалы пәтерге орналастырып, 3-4 айлық пәтерақысын төлеген. Кейін мерзімі біткесін, қарияны пәтерден шығарып жіберген.

«Апаны емдеттік» деп те айтқан. Бірақ апаның айтуынша, мүлдем емдетпеген екен. Бәрін видео үшін жасаған. Поликлиникаға да видео үшін кіріп шыққан», – дейді ол.

Гүлмира Әбіқай өз сөзінде «Елге көмек» қайырымдылық қорынан ресми жауап күтіп отырғанын жеткізді.  

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске сала кетсек, волонтер, Biz Birgemiz қайырымдылық қорының басшысы Перизат Қайрат «Көмекке жиналған 1,5 млрд теңгені жымқырған» деген күдікпен ұсталып, тергеліп жатыр.

Сенбі, 16 қараша күні Қаржы мониторингі агенттігі Перизат Қайраттың Палестинаға деп ақша жинап, тағы 200 млн теңге жымқырғанын растады. Тергеу нұсқасы бойынша, Палестинаға деп жинаған ақшаға Перизат Қайраттың "Mercedes-Benz EQE 500 4 Matic" қымбат көлігін, сондай-ақ БАӘ-де "Rolex", "Prada" және "Fendi" бренд бутиктерінің зергерлік бұйымдарын, сағаттары мен киімдерін сатып алған.

Сондай-ақ Ulysmedia.kz ресми ашық дереккөздер арқылы Перизат Қайрат басқарған Biz Birgemiz қоры жайлы мәліметтерге үңіліп көріп, қордың бірнеше құрылтайшысы барын анықтады.