Алматының Жетісу ауданы Айнабұлақ-1 ықшам ауданындағы жиһаз цехында өрт шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Алматының төтенше жағдайлар департаменті күштері мен құралдары жеткеннен кейін жиһаз цехының жанып жатқанын анықтады. Жақын орналасқан ТҚКС, АЖЖС және бизнес-орталықтың ғимараттарына өрт тарай жаздаған.
Алайда ТЖД қызметкерлері өрттің таралуына жол бермеді.
ТҚКС бокстарынан өрт сөндірушілер жеті автокөлікті эвакуациялап, бес оттегі баллоны мен екі газ баллонын шығарған.
Бұған дейін Алматыда көппәтерлі тұрғын үйден өрт шығып, кішкентай бала құтқарылғанын жазған едік. Сондай-ақ Батыс Қазақстанда өрт кезінде екі бала терезеден секірген еді.