×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Испанияда он мыңдаған адам тұрғын үй бағасына наразылық білдірді

Бүгін, 13:30
Испанияда он мыңдаған адам тұрғын үй бағасына наразылық білдірді
Ашық дереккөзден

Барселонада 22 мыңнан астам адам жалға берілетін баспана бағасының қымбаттығына байланысты наразылық акциясына шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

ҚАЛАЙ БОЛДЫ

Баспана мәселесі Испаниядағы басты мәселелердің біріне айналды. Каталондық тұрғын үй агенттігінің мәліметтері бойынша, 2024 жылдың екінші тоқсанында жалға алу бағасы 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 70 пайызға дерлік жоғары болды.

НАРАЗЫЛЫҚ

Барселонада 22 мыңнан астам адам наразылық білдіріп, көшеге шықты. Мұндай шерулер Испанияның басқа қалаларында да өтті.

«Біз жалақымыздың жартысын пәтер жалдауға жұмсаймыз... Мұны тоқтату керек!» дейді жалға алушылар одағының өкілі, 28 жастағы Карме.

Еске сала кетсек, мұндай наразылықтар бұған дейін Мадридте, Канар аралдарында және Малагада өтіп, азаматтар баспана табуда қиындықтарға тап болған. Олардың көпшілігі тіркемелерде немесе тіпті көліктерінде тұруға мәжбүр болып жүр.

Сондай-ақ қарашаның басында Валенсия көшелеріне 130 мыңға жуық адам жиналып, провинция президенті Карлос Мазонның отставкаға кетуін талап еткен еді. Наразылық акциясына жойқын су тасқыны салдарынан 223 адамның қаза табуы себеп болған.