Қазақстанның 50 жастағы тумасы Олег Соколов Ресей әскері сапында Украинаға қарсы соғысқа барып, уәде етілген Ресей азаматтығын бермегеніне шағымданды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
АНЫҚ-ҚАНЫҚ
Ер адамның үндеуін журналист Лұқпан Ахмедьяров әлеуметтік желіде жариялады. Үндеуде Ресейге соғысуға кеткен қазақстандық бір жылдан бері уәде етілген Ресей төлқұжатын алмағанын айтқан.
«Менің атым Олег Георгиевич Соколов, 1974 жылы туғанмын. Қазақстан азаматымын, мен Солтүстік әскери округте жүргеніме бір жыл болды, алайда әлі азаматтық ала алмай жүрмін», деді ол.
Ер адам енді ол Қазақстанға да орала алмайтынын, өйткені оған жалдамалылық бабы бойынша айып тағылатынын жеткізді.
«Мен Ресей қауымдастығына өтініш білдіргім келеді. Өйткені мен Қазақстандағы үйіме орала алмаймын. Себебі СӘО мүшесі болғандықтан жалдамалылығым үшін бірден түрмеге тоқытады. Ал азаматтығым жоқ болғандықтан Ресейде тұра алмаймын», дейді ол.
Екі елдің ортасында қалған азамат кезінде өзіне әлдебіреулер азаматтықты еш қиындықсыз алатынын уәде еткенін де жасырмады.
«Ең қызығы, 2023 жылы келісім-шартқа отырғанымда, азаматтықты еш қиындықсыз алатынымды айтты. Біреу үш айдан кейін десе, енді біреулері мемлекеттік наградаларды алғаннан кейін берілетінін айтты», – деді Олег Соколов.
Пікірлерде ер адамды желі қолданушылары өткір сынның астына алып, оның өзге елдің азаматтығына бола адам өлтіруге дейін барғанына ашуланды.