Туризм және спорт министрлігі «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ мен «Қазақстанның даму банкі» АҚ-на 85 млрд теңгеге несие бермекші, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Ашық бюджеттер» веб-сайтында Туризм және спорт министрлігінің «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ты кейіннен Қазақстан Республикасының туристік индустриясындағы жобаларды қаржыландыру үшін «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-на кредит беруімен кредиттеу жөніндегі бюджеттік бағдарламасы жарияланды.
Бағдарлама алты жылға есептелгенімен, кестеге сүйенсек, бірінші жылы – 2025 жылы 85 миллиард теңге жұмсалатыны көрсетілген.
Осы уақыт ішінде құрылыс салушылар екі инвестициялық жобаны жүзеге асырып, 2101 жұмыс орнын ашуға ниетті.
«Бағдарламада «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ға жылдық 0,15% сыйақы мөлшерлемесі бойынша бюджеттік кредит беру көзделеді, ол «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ға жылдық 0,10% сыйақы мөлшерлемесі бойынша кредит беру жолымен жүзеге асырылады. Туристік инфрақұрылым жобаларын қаржыландыру жылдық 7% - дан аспайтын мөлшерлеме бойынша жүзеге асырылатын болады. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру 2024 ж. 85 млрд. теңге. Бағдарлама шеңберінде бюджет қаражатының 85% және нарық қаражатының 15 % қатынасында қаражатты араластыру жоспарлануда. Бұл ретте жоғарыда аталған қаражат туристік саладағы жобаларды қаржыландыруға бағытталатын болады», - делінген бюджеттік бағдарламалардың техникалық сипаттамасында.
Сондай-ақ бұл бюджеттік бағдарламаның жетекшісі ретінде Туризм және спорт министрінің орынбасары көрсетілген.