×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Ресейде блогер Варламовқа "шетел агентінің" міндеттері бойынша іс қозғалды

Бүгін, 17:55
Ресейде блогер Варламовқа "шетел агентінің" міндеттері бойынша іс қозғалды
www.currenttime.tv

Ресейде блогер Илья Варламовқа "шетел агентінің" міндеттерінен жалтару бойынша қылмыстық іс қозғалды (ҚК 330.1-бабының 2-бөлігі). Бұл туралы Мәскеу прокуратурасы хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

2024 жылдың қыркүйегінің соңында ведомство Варламовтың бір жыл ішінде екі рет "шетел агентінің қызмет тәртібін бұзу" туралы әкімшілік бап бойынша айыппұл салынғанын, бірақ ол ескертулерге қарамастан өз жарияланымдарын тиісті белгісіз жалғастырғанын атап өткен.

Варламов Украинаға қарсы басталған ауқымды соғыстан кейін Ресейден кеткен және соғысқа қарсы ұстанымын ашық білдірген блогер. 2023 жылдың наурызында Ресейдің Әділет министрлігі оны "шетел агенттері" тізіміне енгізген.

"Шетел агентінің қызмет тәртібін бұзу" бойынша 300 мың рубльге дейін айыппұл, 480 сағатқа дейін міндетті жұмыс, екі жылға дейін түзету жұмыстары немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

“ШЕТЕЛ АГЕНТТЕРІ”

"ОВД-Инфо" мәліметінше, Ресейде "шетел агентінің міндеттерінен жалтару" бабымен 10-нан астам қылмыстық іс қозғалған. Олардың қатарында құқық қорғау жобасы "Первый отдел" негізін қалаушы Иван Павлов, The Insider журналисі Андрей Захаров, "Transparency International – Россия" басшысы Илья Шуманов, феминист белсенді Дарья Серенко, әнші Монеточка және басқалар бар.

"Медиазона" басылымы бұған дейін "шетел агенті" тізіміне енгендердің үштен бір бөлігі қылмыстық қудалау қаупінде екенін анықтаған. Олардың соңғы бір жылда екі немесе одан көп "шетел агенті" айыппұлы болған.

2024 жылдың жазында Роскомнадзор "шетел агенті" бабы бойынша (ҚК 330.1-бабы) 25 қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.