Алматыда автобус пен тепловоз соқтығысуынан 7 адам зардап шекті, деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 80 жастағы зейнеткер қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жатқызылған.
Оның қабырғасы мен білегіне зақым келген. Науқастың жағдайы ауыр екені хабарланды.
Тағы бір зардап шегуші Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына жеткізілген. Жағдайы белгісіз.
Задап шегуші қалған бес адам ауруханаға жатудан бас тартқан.
88 маршрут автобусы бүгін Әуезов көшесінің бойындағы теміржолмен өтіп бара жатқанда тепловозмен соқтығысқан.
Оқиғаның мән-жайы анықталып атыр.