×
523.58
549.71
5.01
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.58
549.71
5.01

«Росатом» қазақстандық тараппен жаңа ауқымды жобаларды іске асыруға дайын – Путин

27.11.2024, 09:09
«Росатом» қазақстандық тараппен жаңа ауқымды жобаларды іске асыруға дайын – Путин
Коллаж Ulysmedia.kz

Ресей презденті «Росатом» Қазақстанда ядролық-отын циклі саласындағы жобаларды жүзеге асыруға және уран өнеркәсібін дамытуға практикалық көмек көрсетіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТАҒЫ ДА АЭС ТУРАЛЫ

Ол кезекті рет Қазақстандағы АЭС құрылысы тақырыбын жанай сөйледі.

“Қазақстанда ядролық-отын циклі саласындағы жобаларды жүзеге асыруға және уран өнеркәсібін дамытуға «Росатом» компаниясы практикалық көмек көрсетуде. Әлемде баламасы жоқ ерекше техникалық шешімдер мен құзыреттерге ие Ресейдің мемлекеттік корпорациясы қазақстандық тараппен жаңа ауқымды жобаларды іске асыруға дайын” деді ол  “Казахстанская правда” газетіне жариялаған мақаласында.

ИНВЕСТИЦИЯ

Путин сондай-ақ жыл сайын Қазақстан экономикасына салынған ресейлік инвестициялар көлемі артып келетінін, қазіргі уақытта олардың жалпы көлемі шамамен 13 миллиард долларды құрайтынын атап өтті.

“Республикада ресейлік қатысы бар 23 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Біздің елдердің компаниялары өнеркәсіптік кооперация және жоғары технологиялар саласында бірқатар ірі бірлескен жобаларды іске асырып, толық индустриялық циклдегі жаңа өндірістерді жолға қоюда. Бұл экономикалардың кешенді жаңғыруына және Ресей мен Қазақстанның технологиялық егемендігін нығайтуға ықпал етеді” дейді ол.

АЭС РЕФЕРЕНДУМЫ

6 қазанда Қазақстанда АЭС салу бойынша референдум өтті. Оған сай, жалпы дауыс берушілердің 71,12 пайызы бастаманы қолдаған.

ҮКІМЕТ ШОРТ-ЛИСІ

Үкімет АЭС салу мәселесінде 4 ел – Корея, Ресей, Қытай, Франция елдерінің технологияларын зерделеп жатқанын хабарлаған.

ТОҚАЕВ НЕ ДЕЙДІ

Референдумда дауыс берген кезінде ел президенті "АЭС-ті қай ел салады" деген сұраққа үкімет мәселе бойынша нақты талдау жасап, келіссөздер жүргізу керек екенін атап өткен.

Үкімет АЭС салынатын орын ретінде Алматы облысы Балқаш көлінің маңындағы Үлкен ауылын белгілеп отыр