×
498.55
524.28
4.75
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.55
524.28
4.75

Жалға берілетін үйді сатып алу: қалай, қандай өзгерістер бар

Бүгін, 16:56
Жалға берілетін үйді сатып алу: қалай, қандай өзгерістер бар
Коллаж Ulysmedia.kz

Қазақстанда "Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй" бағдарламасына қатысушыларға мемлекеттен алған пәтерлерді сатып алуға рұқсат берілгелі жатыр. Тиісті заң жобасы талқылауға шығарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ӨЗГЕРІСТЕР

"Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй" ұғымы алынып тасталады. Бұл әлеуметтік осал топтарға жататын қазақстандықтарға жалға алынған пәтерлерді жекешелендіруге мүмкіндік береді және жергілікті билік органдарының мұндай тұрғын үйлерді күтіп-ұстауға кететін шығындарын азайтады.

Бұған дейін сатып алу құқығынсыз жалға алынған пәтерлерді тұрғындар сатып ала алмаған еді. Енді олар бұл пәтерлерді қалған құны бойынша жалпы шарттармен сатып ала алады. Қазіргі ережеге сай, бастапқы төлем тұрғын үй құнының 30%-ын құрайды, ал төлемді 10 жылға бөліп төлеуге болады. Жаңа өзгерістерге сәйкес, бастапқы төлем мөлшерін 10%-ға дейін төмендету ұсынылды, ал төлем мерзімі ұзартылуы мүмкін:

  • Егер пәтердің қалған құны 15 млн теңгеден аз болса – төлем 10 жылға бөлінеді;
  • Егер 15 млн теңгеден көп болса – төлем мерзімі 15 жылға дейін ұзартылады.

Қалған құн – тұрғын үйдің бастапқы бағасы мен тозу деңгейін шегергендегі сома.

АПАТТЫ ҮЙЛЕРДЕН КӨШКЕНДЕРГЕ АРНАЛҒАН ӨЗГЕРІС

Бұған қоса, бұрын апатты деп танылған үйлерде тұрып, кейін мемлекеттен жалға алынған пәтерлерге қоныстанған адамдарға бұл пәтерлерді жекешелендіру құқығы беріледі.

– Қазіргі уақытта тұрғындар арасында тұрғын үйлерді жеке меншікке жекешелендіру мүмкіндігінің жоқтығы тұрақсыздық пен түсініспеушілік тудырып отыр. Ұсынылып отырған түзету апатты деп танылған тұрғын үйлердің тұрғындары үшін жағымды әсер етеді, – делінген құжатта.

ҚАТЫСУ МҮМКІНДІГІ

Бұрын жекешелендірілген тұрғын үйде 50% немесе одан аз үлесі бар қазақстандықтар да мемлекеттік тұрғын үй қорындағы үйлерді жекешелендіруге қатыса алады.

Қоғамдық талқылау 9 желтоқсанға дейін жалғасады.