×
523.17
550.06
4.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.17
550.06
4.93

Доллар 525 теңгеден сатыла бастады: себеп неде

28.11.2024, 14:52
Доллар 525 теңгеден сатыла бастады: себеп неде
Ulysmedia коллажыс

28 қарашадағы Қазақстанның айырбастау пункттерінде валюталардың орташа өлшенген бағамы белгілі болды. Доллар 525 теңгеге сатылып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ДОЛЛАР ЖАЙЛЫ

Сағат 14:30-дағы жағдай бойынша долларды сатып алу-сатудың орташа бағамы:

  • Астана: сатып алу – 519 теңге, сату – 525 теңге;
  • Алматы: сатып алу – 519 теңге, сату – 525 теңге;
  • Ақтау: сатып алу – 511 теңге, сату – 519 теңге;
  • Ақтөбе: сатып алу – 510,5 теңге, сату – 520,5 теңге;
  • Қостанай: сатып алу – 515 теңге, сату – 525 теңге;
  • Павлодар: сатып алу – 516 теңге, сату – 522 теңге;
  • Семей: сатып алу – 410,2 теңге, сату – 525 теңге;
  • Талдықорған: сатып алу – 515 теңге, сату – 526 теңге;
  • Шымкент: сатып алу – 519 теңге, сату – 525 теңге.  

Айта кетейік, 18 қарашада Қазақстанның айырбастаушыларындағы доллар бағасы 500 теңгеден, ал 26 қарашада 503 теңгеден асқан еді.

Ulysmedia.kz тілшісі бір емес, бірнеше экономистен осы жөнінде пікірін сұраған. Олар алда не болатынын болжау қиын екенін айтты. Бірі рубльдің арзандағаны дүрбелеңге себеп болып отыр деп есептейді. “Доллар алда осындай болады деп айтарлықтай негізі бар аргументтер аз болып тұр” дейді сарапшының бірі.

P.S

ҰЛТТЫҚ БАНК НЕ ДЕЙДІ

Ұлттық банк бірқатар іргелі факторлардың нашарлауы аясында теңгенің айырбас бағамы АҚШ доллары үшін 500 теңгені еңсергенін, қазір биржадағы сауда-саттық 1 АҚШ доллары үшін 518-519 теңге аралығында өтіп жатқанын хабарлайды. Кешегі күннен бастап 2,4%-ға әлсірегендіктен, 28 қарашадағы теңгенің орташа сараланған бағамы АҚШ доллары үшін 512,58 теңгені құраған. Ұлттық банк сыртқы және ішкі факторлар валюта бағамына теріс әсер ететінін жеткізеді.

– АҚШ долларының жаһандық нығаюы, шикізат құнының өзгеруі және әлемдегі геосаяси жағдайдың шиеленісуі сияқты бірқатар сыртқы іргелі факторлардың өзгеруі аясында дамушы нарықтардағы валюталардың теріс динамикасы барлық жерде байқалады. Негізгі әлемдік валюталарға қатысты АҚШ долларының бағамын бақылайтын DXY индексі ай басынан шамамен 2,2%-ға нығайып, 106,2 пунктке дейін өсті (2024жылдың 28 қарашасында). ЕМ валюталарының индексі ай басынан 3,0%-ға төмендеді (2024 жылғы 28 қараша бойынша). Доллардың күш алуы – шикізат тауарлары үшін әдеттегідей теріс фактор. Мұнай бағасының тым құбылуы, сол секілді, Д.Трамптың президенттік кезеңінде АҚШ-тан мұнай жеткізілімдерінің артуы мен мүмкін болатын сауда баждарына қатысты ұсыныстың артуына әкеледі деген экономистердің болжамдарынан пессимистік сарын байқалады, – делінген хабарламада.

ҰБ Ресейде рублі әлсірей түскенін, осылайша, биржада юань/рубль жұбының бағамы юань үшін 15,1 рубльге жетіп, қараша айының басынан бастап 11,2%-ға әлсірегенін хабарлайды. Forex Халықаралық валюта нарығындағы доллардың айырбас бағамы 1 доллар үшін 114,5 рубльден асты, ал рубль айдың басынан бастап 18%-ға әлсіреген. Сонымен қатар, ішкі валюта нарығында экономикалық агенттер тарапынан шетел валютасына сұраныстың артуы және ұсыныстың шектелуі, оның ішінде айырбас бағамының психологиялық деңгейін еңсеру аясында байқалған.

– Осы аталған факторлардың жиынтығы теңге бағамына қысым жасайды, жекелеген кезеңдерде сауда-саттық барысында алып-сатарлық қысымға жағдай жасай отырып, валюта нарығындағы теңгерімді бұзғаны және өтімділіктің төмендігі байқалады, – дейді ҰБ.

Ұлттық банк интервенция жүргізгелі отыр.