×
523.58
549.71
5.01
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.58
549.71
5.01

«50 жылда алғаш рет»: Ұлыбританияда демікпеге қарсы жаңа дәрі әзірленді

«50 жылда алғаш рет»: Ұлыбританияда демікпеге қарсы жаңа дәрі әзірленді
Фото: kk.rayhaber.com

Ұлыбританияда 50 жылда алғаш рет демікпе дертіне қарсы емнің жаңа әдісі ойлап табылды. Жаңа препарат демікпе мен өкпенің созылмалы ауруына қарсы тұра алады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БЕНРАЛИЗУМАБ ПРЕПАРАТЫ

Ғалымдардың айтуынша, жаңа бенрализумаб әдісі демікпеден құлан таза айығуға мүмкіндік береді, деп жазды ВВС-дің орыс қызметі.

Осыған байланысты 158 адамды зерттеуден өткізгенде, стероидқа қарағанда бенрализумаб әдісі әсерлігін көрсеткен. «The Lancet Respiratory Medicine» журналында жарияланған нәтижеге қарасақ, стероидтың сәтсіздігі 74%-ды құраса жаңа әдістің 45%-ы ғана сәтсіз шыққан.
 
Профессор Бафадхелдің айтуынша: «Бұл революциялық қадам, біз 50 жыл бойы емдеуді өзгертпеген едік. Енді бұл әдіс  хәлі нашарлаған науқастарды емдеудің жолын өзгертеді» Демек алдағы уақытта демікпені әдеттегі ингаляторлармен бақылау мүмкін болмаса, дәрігерлер жаңа әдісті тағайындайды. Себебі Бенрализумаб препараты демігіп қалғанда қолданатын әдеттегі стероидты таблеткаларға қарағанда әлдеқайда оң әсерін беруде.
 
СТЕРОИД ТАБЛЕТКАЛАРЫ

Ондаған жыл бойы демікпе ұстамасы стероидтермен емделді, бұл өкпедегі қабынуды және ісінуді азайтады.

Бірақ олар әрқашан көмектеспейді, сондықтан науқастар оны жиі қабылдауы керек. Ал бұл қайталана берсе өлімге әкелуі мүмкін.Оның үстіне стероидтерді үнемі қолдану қант диабеті мен остеопороз қаупін өршіте түседі.
 
БЕНРАЛИЗУМАБ ДӘРІЛІК ПРЕПАРАТЫ ЕКІ ЖЫЛДАН СОҢ ЕНГІЗІЛЕДІ

Жаңа препаратты қабылдаған адамдар өмір сапасының жақсарғанын айтады, бірақ Бенрализумаб әлі қолданысқа енгізілмейді.

Себебі, оның артықшылықтарын нақтылау екі жылға жуық  ауқымды зерттеуді талап етеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін International Social Work журналында неке қартаю үдерісіне қалай әсер ететіні туралы зерттеу нәтижелері жарияланған болатын.