×
523.58
549.71
5.01
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.58
549.71
5.01

Рубльге тәуелділік: теңгенің күні не болады

29.11.2024, 09:29
Рубльге тәуелділік: теңгенің күні не болады
Ulysmedia коллажы

Ұлттық банк теңгені теңселтпей, "аман алып қалудың" амалдарын қолға ала бастады. Кеше ұлттық валюта кезекті рет құлдырағаннан кейін енді нығая түсетін түрі бар. Бұл мақалада Ulysmedia.kz тілшісі теңгенің неліктен әлсірегенін әрі қашан қалпына келетінін анықтап көрді.

Ұлттық валютаның долларға шаққанда 500-ден ары жылыстауы қазақстандықтарды едәуір елеңдетіп қойды. Оның тағы бір құлдырауы Ұлттық банкке іске араласуға мәжбүр етті. Жұмыс нәтижесі көп күттірген жоқ, бірден көрінді.

Мәселен, 28 қарашада түске дейін Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 526 теңгеге дейін жетті. Бұл бәрін тағы да дүр сілкіндірді. Содан кейін Ұлттық банк валюталық интервенцияла жүргізілетінін туралы жариялағаннан кейін америкалық валюта Алматыда 523 теңгеге, Астанада 524 теңгеге сатыла бастады. Ал сол күні түстен кейін доллар құны 516-515 теңгеге дейін төмендеді.

– Менің ойымша, Ұлттық банктің түстен кейін араласты. Себебі биржадағы соңғы мәміле бір доллар үшін 512 теңге бағасымен өтті. Яғни, шамамен 10 теңгеге төмендеу еді. Сондықтан, ақша айырбастаушылардағы кешкі бағамдар бірден жаңарып, төмендей бастады, - дейді Қазақстанның айырбастау пункттері қауымдастығының басшысы Аршын Ғалымбаев.  

ЖЫЛДЫ БІР ДОЛЛАР ҮШІН 510-515 ТЕҢГЕМЕН ЖАБАМЫЗ  

Оның айтуынша, Ұлттық банк ұлттық валюта бағамын кез келген деңгейге дейін – кемі 400, 300 немесе тіпті 200-ге дейін төмендете алады. Бірақ бұл Ұлттық банктің өзіне қаншалықты тиімді болады, реттеуші қай санға тоқталуды жөн деп шешеді?

Жыл соңына дейін бағам бір доллар үшін 600 немесе 700 теңгеге жете ме деген сұраққа Ғалымбаев теріс жауап берді.

– Мен биыл бір доллар үшін 600 теңге дегенді күтпес едім. Меніңше, ең жағымсыз сценарий – 530-540 теңге. Бірақ егер теңге үшін қандай да бір сыртқы теріс факторлар болмаса, біз осы жылды 510-515 теңгемен жабамыз, – деп болжады ол.

Сарапшы осылай десе де, кез-келген сәтте күтпеген жайттар туындауы мүмкін екенін ескертті.

НЕГЕ ТЕҢГЕ ҚҰЛДЫРАДЫ  

28 қарашада теңгенің күрт құлдырауы, Ғалымбаевтың пікірінше, негізінен рубльдің құлдырауынан кейін болған. Бұл басты себеп, бірақ мұнайдың құны және доллардың барлық валюталарға жаһандық нығайғаны да қосымша фактор болған.

Ұлттық банк теңгенің құлдырауының негізгі себептерін доллардың жаһандық деңгейде нығаюынан, мұнай бағасының құбылмалылығынан, санкциялармен байланысты Ресей рублінің әлсіреуінен және ішкі нарықта шетел валютасына жоғары сұранысынан деп мәлімдеді. Бұл ретте, "айырбас бағамының шамадан тыс құбылмалылығы жағдайында Ұлттық банк валюталық интервенцияларды жүргізуді жалғастыруға дайын", – деді реттеуші.

Айтпақшы, Ресей президенті Владимир Путин 28 қарашада өткен баспасөз мәслихатында рубль бағамы көп факторға байланысты екенін айтқан. Алайда дүрбелеңге себеп жоқ, өйткені жағдай бақылауда, деп атап өтті ол.

РУБЛЬ ҚҰЛДЫРАҒАННАН КЕЙІН НЕ БОЛАДЫ

Қазақстандықтарға рубль құлағаннан кейін аз да болсын артықшылық бар. Бұл біз үшін ресейлік тауарлар арзандайды. Мұндағы логика қарапайым – арзан рубль, арзан ресейлік тауарлар. Бұл тұтынушылар үшін плюс.

Бірақ бұл қазақстандық өндірушілер үшін минус, өйткені сөрелердегі өз өнімдерінің бағалары енді арзан көрінбейді. Егер арзандау шетелдік өнім көбірек өтіп жатса, онда Қазақстан билігі қандай да бір жолмен араласып, оларға көмектесуге мәжбүр болады.