Украина президенті Владимир Зеленский Киевтің бақылауындағы аумақ НАТО-ға қосылған жағдайда соғыстың «қызған кезеңін» тоқтатуға келісетінін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
АНЫҚ-ҚАНЫҚ
Бұл туралы Зеленский сұхбат барысында айтты.
«Егер біз соғыстың қызған кезеңін тоқтатқымыз келсе, біз НАТО қолшатыры астында өзіміз бақылайтын территорияны алуымыз керек, содан кейін Украина басып алған аумақтарды дипломатиялық жолмен қайтара алады».
Бұл туралы Владимир Зеленский Sky News тілшілеріне берген сұхбатында айтты.
“Альянсқа мүше болу Ресей президенті Владимир Путиннің қайтып оралмайтынына және басқа аумақтарды басып алуға әрекеттенбейтініне кепілдік береді”, деп есептейді Украина президенті.
Зеленский НАТО-ның қауіпсіздік кепілдігінсіз қақтығыс тоқтатылса, жақын арада соғыс қайта басталады деп санайды.
Еске сала кетсек, бұған дейін Зеленский Қырымды дипломатиялық жолмен қайтаруға болатынын мәлімдеген еді.
Сондай-ақ Украина президенті 16 қазанда өз «жеңіс жоспарын» алғаш рет жариялады, ол 5 тармақ пен 3 құпия хаттамадан тұрады.