2024 жылы Қазақстан жер сілкінісі көп тіркелген 20 елдің қатарына кіріп, 101 елдің ішінде 17 орынға жайғасты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚАЗАҚСТАН СЕЙСМИКАЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІ ЖОҒАРЫ ЕЛДЕРДІҢ ҚАТАРЫНДА
Earthquakelist.org порталының деректері бойынша 1 қаңтардан 25 қарашаға дейін Қазақстанда магнитудасы 4-тен жоғары 259 жер сілкінісі тіркелген, деп жазады finprom.kz порталы.
Бұл сан қазақстандықтар сезінген сілкіністерден әлдеқайда көп көрінеді. Мұның себебі есептеу әдістемесінде: рейтинг құрастырушылар ел шекарасынан 300 км радиуста болған барлық сейсмикалық белсенділікті ескереді.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЕЙСМИКАЛЫҚ ҚАУІПТЕРІ
Қазақстанда сейсмикалық белсенділік нақты қауіп төндіреді. Төтенше жағдайлар министрлігінің Ұлттық сейсмологиилық зерттеулер және бақылау орталығының дерегінше, ел аумағының 40%-ында жер сілкінісі ұшырауы мүмкін. Бұл 7 миллион адам тұратын 400-ден астам елді мекенді қамтиды.
2016 жылғы Қазақстанның сейсмикалық аудандастыру картасына сәйкес, ең қауіпті аймақтар – Алматы облысы мен Алматы қаласы. Мұнда дүмпу 9 баллға жетуі мүмкін. Сондай-ақ, басқа оңтүстік жене шығыс аймақтарда 8 баллдық селкіністер қаупі бар. 7 баллға дейінгі селкініс қаупі жоғары аймақтарға Абай, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Жамбыл, Түркістан және Маңғыстау облыстары кіреді. 6 балл болуы ықтимал жер сіліністері Батыс және Орталық Қазақстанның жекелеген аумақтарында да болуы мүмкін.
ТЕХНОГЕНДІК ФАКТОРЛАРДЫҢ ӘСЕРІ
ЮНЕСКО-ның жер сілкінісі мәселелері бойынша сарапсысы, академик Танатқан Абақановтың айтуынша, Қазақстанның сейсмикалық белсенділік аймақтары кеңейіп келеді. Бұған техногендік факторлар, атап айтқанда, мұнай мен газ кен орындарының белсенді пайдаланылуы, гидротехника құрылыстардың салынуы және басқа да антропогендік әрекеттер әсер етеді.
АЛМАТЫ ҮШІН СЕЙСМОТҰРАҚТЫ ҚҰРЫЛЫС – ҚАЖЕТТІЛІК
Жоғары сейсмикалық белсенділік жағдайында Алматыда және ониң айналасында сейсмотұрақты құрылысты дамыту аса маңызды. Мұндай ғимараттарды салу тек тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етип қана қоймай, әлеуетті шығындарды азайтуға мүмкіндик береді. Сондықтан құрылыс салушыларға қойылатын талаптарды күшейту және жер сілкінісіне төзімділік стандарттарын қатаң сақтау уақыт талабы болып отыр.