22-30 қараша аралығында Колумбияның Кали қаласында тоғызқұмалақтан халықаралық турнир өтті. Бұл жарысқа Колумбия, Бразилия, Мексика, Эквадор, Аргентина, Чили, Гватемала, Панама, Венесуэла және Қазақстаннана 50-ге жуық спортшы қатысты.
Қазақстан ұлттық құрамасының іссапары ҚР Туризм және спорт министрлігі, Ұлттық және ат спорт түрлері орталығы, Самұрық-Қазына қоры мен Спортты дамыту қорының қолдауымен жүзеге асырылды.
Жарыс нәтижесі бойынша Қазақстан ұлттық құрамасы командалық есеп бойынша бірінші орын алды. Ал Латын Америка елдерінің арасында үздік атанған Аргентина елінің тоғызқұмалақшылары болды.
Тоғызқұмалақтың рапид түрі бойынша ерлер арасында:
1-орын Әуелбай Ерсұлтан (Қазақстан)
2-орын Fajardo Chica Oscar Alvaro (Колумбия)
3-орын Бостандықов Бексұлтан (Қазақстан)
4-орын Gutierrez Roa Rommel Augusto (Эквадор)
Әйелдер арасында:
1-орын Далиева Әсел (Қазақстан)
2-орын Есіркеп Құндыз (Қазақстан)
3-орын Gomez Maria Sophia (Колумбия)
4-орын Arteaga Quintana Andrea Paulina (Эквадор).
Классика түрі бойынша:
1-орын: Зкрияев Биғали (Қазақстан)
2-орын: Қожанәсіп Аңсаған (Қазақстан)
3-орын: Қайдаров Азамат (Қазақстан)
3-орын: Маханбетамин Ұлдана (Қазақстан)
Латын Америкасы бойынша үздіктер:
1-орын: Acuna Ricardo Alberto (Аргентина)
2-орын: Fajardo Chica Oscar Alvaro (Колумбия)
3-орын: Chilito Daniel Alejandro (Колумбия)
Овари бойынша жеңімпаздар:
1-орын – Ақтаев Серік (Қазақстан)
2-орын – Далиева Әсел (Қазақстан)
3-орын – Қожанәсіп Аңсаған (Қазақстан)
3-орын – Gonzalez German (Колумбия)
Мангала бойынша жеңімпаздар:
1-орын – Әуелбай Ерсұлтан (Қазақстан)
2-орын – Есіркеп Құндыз (Қазақстан)
3-орын – Қожанәсіп Аңсаған (Қазақстан)
3-орын – Fajardo Chica Oscar Alvaro (Колумбия).
Халықаралық турнир аясында Латын Америкасының тоғызқұмалақ федерациясы да құрылды. Федерацияға мүшелікке Колумбия, Бразилия, Мексика, Эквадор, Аргентина, Чили, Гватемала, Панама, Венесуэла елдері ниет білдірді. Федерация Президенті болып Oscar Fajardo, Бас хатшысы болып German Gonzalez сайланды.
Айнұр Жақапбаева, тоғызқұмалақтан ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы:
Иә, бұл өте қуанышты жаңалық! Тоғызқұмалақтың әлемдік деңгейде танылып, басқа континенттерде, соның ішінде Латын Америкасында таралуы – ұлттық ойынымыздың үлкен жетістігі мен қазақ мәдениетінің танымалдылығының артуының айқын белгісі. Бұл қадам ойынның халықаралық деңгейде дамуына және әртүрлі елдер арасында мәдени байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді. Латын Америкасы елдерінде тоғызқұмалақ секілді стратегиялық ойынды тану ұлттық мұрамыздың баға жетпес байлығын одан әрі дәріптейді. Бұл турнир тоғызқұмалақтың әлемдік деңгейдегі танымалдылығының артып келе жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеді. Қазақстан құрамасының жетістіктері ұлттық ойынның халықаралық аренасында жоғары беделге ие екенін көрсетті.