×
523.17
550.06
4.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.17
550.06
4.93

Қоңырау құны төмендейді. Ұялы байланыс операторлары келісіп тариф бағасын көтерген

04.12.2024, 14:46
Қоңырау құны төмендейді. Ұялы байланыс операторлары келісіп тариф бағасын көтерген
Көрнекі сурет

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі тарифтерді келісілген түрде көтеруге қатысты тексеру бастағанын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

Агенттік 2023 жылы ұялы байланыс қызметтері бағасының өсу фактілерін қарау аясында «Кселл» АҚ, «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС (Tele2/Altel) және «КаР-Тел» ЖШС (Beeline) операторларына қатысты Кәсіпкерлік кодекстің 170-бабы бойынша, тарифтерді келісіп көтеруге қатысты тергеп-тексерулерді бастаған.

Сонымен қатар, ұялы байланыс операторларының тарифтік жоспарларда бір минуттық қоңырау құнының 18 теңге мөлшерінде бірдей бағасын белгілеу әрекеттерінде құқық бұзушылық белгілері анықталғанына байланысты, операторларға осы белгілерді жою туралы хабарламалар жіберілген. Хабарламаларда бағаны негізделген түрде төмендету қажеттігі көрсетілген.

«Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі аясында ұялы байланыс операторлары қабылданған шараларға қатысты сот органдарына шағым түсірді. Осыған байланысты тергеу істері тиісті сот шешімдері қабылданғанға дейін тоқтатылды.

2024 жылғы 19 қарашада Астана қаласы бойынша Агенттік департаменті «КаР-Тел» ЖШС-ға қатысты үй интернетінің жылдамдығын тарифтік пакеттерде таңдауға тұтынушыларды шектеу арқылы үстем жағдайды теріс пайдалану белгілерін жою туралы хабарлама шығарды.

Сонымен қатар, «Қазақтелеком» АҚ-ға қатысты осындай заң бұзушылық белгілері бойынша тергеп-тексеру басталды.

2024 жылы бағаның өсу фактілері бойынша Агенттік ағымдағы кезеңдегі баға динамикасына талдау жүргізеді. Оның нәтижелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен құқықтық шара қолданылады» делінген хабарламада.

Сондай-ақ 2024 жылғы желтоқсаннан бастап тарифтердің көтерілуі туралы операторлардың БАҚ-та жарияланымдарына байланысты, Агенттік ұялы байланыс операторларына Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзуға жол бермеу туралы ескертулер жібергенін жеткізді.