×
516.93
542.52
4.98
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.93
542.52
4.98

2025 жылы қандастарға қанша квота беріледі

05.12.2024, 10:42
2025 жылы қандастарға қанша квота беріледі
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылға арналған өңірлік квота мөлшерін белгіледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық НҚА порталында министр Светлана Жақыпованың «Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2025 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы» бұйрығының жобасы таныстырылды.

“Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы алдағы жылға 9 653 адамды құрайды” делінген құжатта.

Оның ішінде:

- 2 309 – қандастарды қабылдаудың 2025 жылға арналған өңірлік квотасының саны;

- 7 344  – қоныс аударушыларды қабылдаудың 2025 жылға арналған өңірлік квотасының саны.

Бұйрық жобасын талқылау мерзімі 2024 жылғы 19 желтоқсанға дейін.

2024 жылға қандастар үшін берілген квота саны 2433, қоныс аударушыларға берілгені 7050 болған. Министрлік ұйғарымымен кейінірек қандастарға берілетін квота қоныс аударушылардың квотасы есебінен 600-ға артқан.