×
516.93
542.52
4.98
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.93
542.52
4.98

Қорғаныс министрлігі Испаниядан 145 млн еуроға алып ұшақ сатып алды

05.12.2024, 14:18
Қорғаныс министрлігі Испаниядан 145 млн еуроға алып ұшақ сатып алды
Қорғаныс министрлігі

Алып ұшақ Алматыға келіп қонды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҰШАҚ НЕ ҮШІН АРНАЛҒАН

Ұшақ экипажының командирі подполковник Асылбек Жұмабаев Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовқа Испаниядан тұрақты орналасу пунктіне аман-есен келгенін баян еткен. Министрдің айтуынша, мемлекеттік қорғаныс тапсырысы аясында ұшақ жеке құрамды, ауыр жүктерді, техниканы тасымалдауға, гуманитарлық операциялар шеңберіндегі тапсырмаларды орындауға арналған.

Қазақстан тарапы алып ұшақты Airbus Military компаниясынан сатып алған. Ұшу және инженерлік-техникалық құрам белгіленген мерзімде авиатехниканы басқару мен қызмет көрсетуге қажетті теориялық қайта даярлаудан өткен.

ӘУЕ КЕМЕСІ ЖАЙЛЫ

Airbus Military авиажасау концернімен екіжақты ынтымақтастық бүгінде еліміздің Әскери-әуе күштерінде сәтті пайдаланылып жүрген С-295 ұшақтарын сатып алған 2013 жылы жолға қойылған болатын.  

Сондай-ақ, әуе кемесінің техникалық сипаттамаларын да атап өткен жөн. А-400М әскери-көліктік ұшағы 37000 кг жүкті тасымалдауға қабілетті. Максималды жылдамдығы сағатына 802 км. Ал ұшу биіктігі – 12200 м, практикалық қашықтығы – 7870 км.