×
523.86
544.34
5.11
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.86
544.34
5.11

Перизат Қайрат Дархан Қыдырәлінің кеңесшісі болған ба: сенатор жауап берді

05.12.2024, 15:07
Перизат Қайрат Дархан Қыдырәлінің кеңесшісі болған ба: сенатор жауап берді
Коллаж Ulysmedia.kz

Сенат депутаты, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бұрынғы басшысы Дархан Қыдырәлі Biz Birgemiz Kazakhstan қорының басшысы Перизат Қайрат өзінің кеңесшісі болғанын жоққа шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АСЫҚҚАН ДЕПУТАТ

Ulysmedia.kz тілшісі отырыстан кейін Дархан Қыдырәліні кездестірді. Сұрақ қоюға тырысқан журналистке депутат бір секунд та тоқтамай, айналасындағыларды ығыстыра өтіп, шығып кетті.

«ЖҰМЫС ІСТЕГЕН ЖОҚ»

Журналист сенатордан Biz Birgemiz Kazakhstan қорының басшысы Перизат Қайратқа қатысты сұрақ қоймақ болды. Дереккөздердің айтуынша, Перизат Қайрат Дархан Қыдырәлінің кеңесшісі болып жұмыс істеген. Алайда, сенатор мұны үзілді-кесілді жоққа шығарды.

«Менде жұмыс істеген жоқ. Жоқ, жұмыс істемеді. Кеңесші болған жоқ. Менде ондай бұйрық жоқ», – деді Қыдырәлі қысқаша жауап беріп, кетіп қалды.

Бұған дейін сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Biz Birgemiz Qazaqstan қорының ұсталған басшысы Перизат Қайрат жөнінде сұраққа жауап беріп, оны тым жақын танымайтынын айтқан.

Ал мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев күдіктімен таныс екенін айтқан.

ОҚИҒА ЖЕЛІСІ

Волонтер Перизат Қайрат «Көмекке жиналған 1,5 млрд теңгені жымқырған» деген күдікпен ұсталып, тергеліп жатыр.

16 қараша күні Қаржы мониторингі агенттігі Перизат Қайрат Палестинаға деп ақша жинап, тағы 200 млн теңге жымқырғанын растады.

Сондай-ақ Ulysmedia.kz ресми ашық дереккөздер арқылы Перизат Қайрат басқарған Biz Birgemiz қоры жайлы мәліметтерге үңіліп көріп, қордың бірнеше құрылтайшысы барын анықтады.

Перизатпен бірге «Amanat» партиясының да аты қатар аталып, ел ішінде түсініспеушіліктер пайда болды. Осыған байланысты «Amanat» партиясының басшылығы өздерін «Biz Birgemiz» қорының құрылтайшысы саналмайтынын мәлімдеді.