Адвокат Ғалым Нұрпейісовтың Ulysmedia.kz тілшісіне қорғауындағы журналист Думан Мұхамедкәрім денесін тілді деп айтқанына байланысты қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мәлімдеме таратты.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті журналист “материалда жарияланған өз-өзіне зиян келтіру туралы ақпарат шындыққа жанаспайды” деп хабарлады.
“Сотталған адамды медициналық қызметкерлер тексерді. Денесінде ешқандай жарақат анықталған жоқ. Камерада тәулік бойы бейнебақылау жұмыс істейді. Жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік туралы ескертеміз” делінген хабарламада.
Сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Думан Мұхамедкәрім тамақтан бас тартқанын растап, “шай мен су ішуді жалғастырып жатыр, бұл бейнебақылау жазбаларымен расталған” деп қоса кетті.
Бұған дейін адвокат Ғалым Нұрпейісов Думан Мұхамедкәрімді Талқықорғанда тергеу изоляторының карцеріне қамап, Мұхаммедкәрім екі мәрте денесін тілгеннен кейін камераға ауыстырғанын айтқан. Думан құқығы тапталғанына наразылық ретінде аштық жариялағанын да жеткізген.
Адвокат осыған байланысты қылмыстық атқару жүйесі комитетіне шағым түсіретінін мәлім еткен.