×
524.02
545.19
5.09
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.02
545.19
5.09

Қырғызстан тумасы Almaty Theatre басқаратын болды

Қырғызстан тумасы Almaty Theatre басқаратын болды
Фото: instagram.com/nurlan_konokbaev

Almaty Theatre-да айтарлықтай кадрлық өзгеріс болды: директор лауазымына балеттің экс-бишісі Нұрлан Конокбаев тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БИШІ

Нұрлан Конокбаев - Қырғызстанның тумасы. Ол өз елінің хореографиялық училищесінде кәсіптік білім алып, кейін Қазақстанға көшіп, Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өнер көрсете бастады.

12 жыл ішінде сахнада Конокбаев солист атағына қол жеткізіп, көптеген халықаралық байқауға қатысып, ел атынан жоғары деңгейде өнер көрсетті.

Би мансабын аяқтағаннан кейін Нұрлан Конокбаев бизнеске және өнерді ілгерілетуге ден қойды. Ол гастрольдік турларды, балет қойылымдарын және басқа да мәдени іс-шараларды ұйымдастырумен айналысатын.

БИЗНЕСМЕН

Konokbaev Group компаниясының негізін қалаушы. АҚШ-та ол халықаралық аренада балетті танымал етумен белсенді айналысатын AlanBars GROUP компаниясын құрды.

Бұған дейін театрдың директоры Ерсұлтан Шалбаев болған. Almaty Theatre ЖШС-нен басқа оған «дүкендерден тыс бөлшек саудамен» айналысатын Shalbayev Enterprise компаниясы ресімделген.

Бұған дейін Шәмші Қалдаяқовтың келіні театр директорларын сотқа беретінін мәлімдеген еді.