Белгілі рэпер Әлішер Моргенштерн Қазақстандағы жанкүйерлеріне концертті тағы өткізе алмайтынын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Актер Қазақстанда концерт ұйымдастырудың кезекті әрекеті сәтсіз болғанын мойындады. Оған концерт өткізе алмауының себептер белгісіз.
– Өкінішке қарай, тосынсый болмайды, ғажайып та. Билеттерді тапсырыңыздар. Біз бір күні кездесеміз деп үміттенем, - деді музыкант жанкүйерлеріне.
Еске сала кетейік, әншінің концерттері 7 желтоқсанда Алматыда және 8 желтоқсанда Астанада өтуі тиіс болатын.
2024 жылдың сәуірінде Моргенштерн Қазақстанға баруы қауіпсіз емес екенін мәлімдеген еді. Содан кейін ол жанкүйерлерінен кешірім сұраған болатын.