×
514.93
536.04
5.18
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.93
536.04
5.18

Оңтүстік Кореяда бірнеше әскери қолбасшы міндеттерінен шеттетілді

Оңтүстік Кореяда бірнеше әскери қолбасшы міндеттерінен шеттетілді
Фото: видеодан скрин

Оңтүстік Кореяда Президент Юн Сок Ёльдің әскери жағдайды енгізу әрекетіне қатысқан үш әскери қолбасшы міндеттерінен шеттетілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОЛАР ҚЫЗМЕТТЕН ҚУЫЛДЫ МА

Yonhap ақпараттық агенттігінің жазуынша, генерал-лейтенант Ли Джин У, Сеул қорғаныс қолбасшылығының басшысы және генерал-лейтенант Квак Чон Гын, армияның арнайы операциялар қолбасшылығының басшысы және қарсы барлау қолбасшысы генерал-лейтенант Ё Ин Хён басқа бөлімшелерге ауыстырылды. 

Бұл шешімнің қабылдауына әскери жағдайды енгізу кезінде әскерилердің сынға ілінуі себеп болды. Олар Парламент ғимаратын бұғаттауға қатысқан.

Еске салсақ, бұған дейін ел президенті өз еркімен қызметінен кетпесе, оған импичмент жарияланбақ екенін жазған болатынбыз.

ДҮРБЕЛЕҢ

Бұған дейін Оңтүстік Корея президенті елде әскери жағдай енгізген. Ол мұны елдің қауіпсіздігіне қауіп төндіретін және конституциялық тәртіпке нұқсан келтіретін «мемлекетке қарсы күштермен» күресуге бағытталған шада деп түсіндірді.

Осыдан кейін елде дүрбелең басталып, президентке қарсы наразылық шаралары жүріп жатты.

Әскери жағдайға қарсылар президентті конституцияны бұзды және билікті тартып алмақ болды деп айыптады. Ұзамай Корея Республикасының Ұлттық ассамблеясы (парламент) әскери жағдайды алып тастады.

Елде қалыптасқан жағдайға байланысты Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы елшілігі ел азаматтарына үндеу жолдады.

ИМПИЧМЕНТТЕР

Оңтүстік Кореяның саяси тарихында бірнеше рет президентке импичмент жарияланды. Елдегі ең танымал импичмент оқиғаларының бірі 2016-2017 жылдардағы президент Пак Кын Хе-ге қатысты жағдай болды.

Пак Кын Хе «Чхве Сун Силь ісі» деп аталған жемқорлық жанжалға байланысты айыпталды. Президент жақын досы Чхве Сун Сильмен бірге ірі корпорациялардан қаржылық қолдау көрсетуді талап етіп, жеке мүдделеріне пайдаланды деп айыпталды. Бұл жанжал жаппай наразылық акцияларын тудырды. 2016 жылдың желтоқсанында Оңтүстік Кореяның Ұлттық жиналысы президентке импичмент жариялауға дауыс берді. Конституциялық сот 2017 жылдың наурыз айында бұл импичментті растады, нәтижесінде Пак Кын Хе президент қызметінен босатылды. Пак Кын Хе қызметінен кетіп, кейіннен жемқорлық және қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін сотталып, ұзақ мерзімге түрмеге қамалды.

НО МУ ХЕН (2004)

Но Му Хен президенттік сайлау алдында бейтараптылық ережелерін бұзды деп айыпталды. Оның қарсыластары оны саяси партиялардың біріне қолдау көрсетті деп кінәлады. 2004 жылдың наурызында Ұлттық жиналыс президентке импичмент жариялады. Алайда, бұл шешім Конституциялық соттың қарауына жіберілді. Конституциялық сот импичментті мақұлдамады және Но Му Хен өз қызметіне қайта оралды.