Ақтөбе облыстық ТЖД құтқарушылары жолда бұзылып, далада аязда қалған автобустың 34 жолаушысын қауіпсіз жерге жеткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
112 пультіне Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында «Қаратүбек-Қостанай» автожолының 135 шақырымында адамдар бар жолаушылар автобусы сынып қалғаны туралы хабарлама келіп түскен.
“Құтқарушылар шақыру орнына Трэкол жол талғамайтын көлігімен келді, бұл құтқару операцияларының жеделдігі мен тиімділігін едәуір жақсартады. Жолшылар жақын маңдағы елді мекенге жеткізілді”, делінген министрлік баспасөз қызметінің ақпаратында.
Жолаушыларға медициналық көмек қажет болмағаны да хабарланды.
Бұған дейін Астанадағы Мәңгілік ел даңғылында жолаушылар автобусы өртенген еді. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Сондай-ақ Қостанай облысында қар құрсауында қалған 4 адам құтқарылды.