×
526.81
542.72
5.16
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
526.81
542.72
5.16

Сириядағы соғыс: көтерілісшілер Дамаскіге кіріп, президент Асад астанадан кетті

08.12.2024, 09:28
Сириядағы соғыс: көтерілісшілер Дамаскіге кіріп, президент Асад астанадан кетті
Ашық дереккөзден

8 желтоқсанға қараған түні Хаят Тахрир аш-Шам (HTS) тобы бастаған көтерілісшілер Дамаскті басып алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АНЫҚ-ҚАНЫҚ

Қала тұрғындары қатты оқ атылғанын хабарлады. Сирия президенті Башар Асад астанадан кетіп қалды, оның қайда екені белгісіз, деп жазады DW.

Содырлар Дамаск маңында орналасқан атышулы Седная түрмесінен мыңдаған тұтқынды босатқандарын айтты. Олар бұл оқиғаны «тирания дәуірінің аяқталуы» деп атады.

Седная түрмесі әсіресе 2011 жылы азаматтық соғыс басталғаннан бері жаппай азаптаулар мен өлім жазасына кесулермен танымал. Сириядағы адам құқықтарын бақылау орталығының (SOHR) мәліметінше, оның қабырғаларында ондаған мың бейбіт тұрғындар мен көтерілісшілер қаза тапқан.

Қарулы топтар қараша айының соңында Башар Асадтың үкімет күштеріне қарсы кең ауқымды шабуылды бастады. Бірнеше күннің ішінде олар Сирияның екінші ірі қаласы Алеппоға кіріп, Хама мен Дейр-эз-Зор қалаларын да бақылауға алды. Сондай-ақ содырлардың 2011 жылы Башар Асадқа қарсы көтеріліс басталған Дараа провинциясының үлкен бөлігін басып алғаны туралы ақпарат бар.