Еуроодақ аумағында туу көрсеткішінің антирекорды тіркелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Eurostat мәліметтері бойынша, 2023 жылы ЕО-ның 27 елінде шамамен 3,67 миллион сәби дүниеге келген, бұл сонау 1961 жылдан бергі уақыттағыдан аз, деп жазды батыс басылымдары.
2022 жылы да ЕО-да да туудың рекордтық төмен саны байқалған. Бірақ салыстырмалы түрде алсақ, биыл бұл көрсеткіш 5,5%-ға төмендеген. Бұл халық санын бақылауға алғалы тіркелген ең жоғарғы жылдық демографиялық құлдырау болып тіркелді.
Ал экономистер мұны жаһандық дағдарыстар тізбегімен байланыстырады: пандемия, климаттың өзгеруі және өмір сүру құнының өсуі.
«Қазір жастарға еңбек нарығында, жылжымайтын мүлік нарығында және мүмкін, танысу нарығында өзін орнықтыру бұрынғыға қарағанда қиынырақ», деп атап өтті сарапшы.