×
514.93
536.04
5.18
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.93
536.04
5.18

«Мені Шерзаттың жанына жерлесең болды»: полиция Нұрқанаттың соңғы хаты қалғанын айтты

09.12.2024, 10:50
«Мені Шерзаттың жанына жерлесең болды»: полиция Нұрқанаттың соңғы хаты қалғанын айтты
Ulysmedia коллажы

Талғарда кісі қолынан мерт болған Шерзат Болаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтің қазасы жайлы тың дерек шықты. Алматы облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Бағдат Әшімов марқұм кетер алдында туыстарына хат жазғанын айтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ӘШІМОВ НЕ ДЕЙДІ

– Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол асылу арқылы өз-өзіне қол жұмсаған. Марқұм ағымдағы жылдың 4 қазанында қайғылы қаза тапқан кәмелетке толмаған Шерзат Полаттың ағасы екені анықталды. Тергеу барысында марқұм туыстарының біріне өзіне-өзі қол жұмсау туралы мессенджерде жіберген жазбасы анықталды. Хабарламада ол туысқандарымен қоштасып, жиенінің жанына жерлеуді сұрады. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық жағдайларды анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде. Құрметті азаматтар, тек ресми дереккөздерге сенуіңізді сұраймыз және жалған ақпаратты тарату қылмыстық жауапкершілікке дейін әкелуі мүмкін екенін еске саламыз! – дейді Бағдат Әшімов.

Бұған дейін Шерзат Болат тарапының адвокаты Саида Тәуекелова марқұмның ағасы Нұрқанат Ғайыпбаев көз жұмғанын растаған еді. Телеграм-арналарда “Шерзат Болаттың ағасы төбелес кезінде қаруды бірінші алып шыққан, сол үшін өзін айыпты сезініп, өз-өзіне қол салған” деген ақпарат тараған. Адвокат Тәуекелова бұл нұсқаны терістеді.

ҚАЗА ЖАЙЛЫ

Бұған дейін Шерзат Болаттың ағасы қаза болғанын полиция да растаған. Ресми мәліметке сәйкес, Шерзаттың ағасы өз-өзіне қол салған. Полиция марқұм Ш. Болаттың отбасы барлық уақытта полицейлердің қорғауында болғанын атап өтеді.   

– Осы уақытқа дейін марқұмның отбасына төнген қандай да бір қауіп-қатер тіркелген жоқ. Күзеткен қызметкерлердің түсіндірмелеріне сәйкес, ер адам күзетілетін объектіден сағат 23:30-да шығып кетіп, жеке автокөлікпен кеткені анықталды. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жариялауға жатпайды, - делінген хабарламада.

ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА

4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырады. Қайғы үстіне қайғыға душар болған Нұрымов әулетінің билікке қояр екі-ақ талабы бар.