Трамп АҚШ-та дүниеге келген балаларға азаматтық беру заңының күшін жоюға бекініп отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙЫ
NBC News сайтының жазуынша, АҚШ-қа бала кезінде келген құжатсыз иммигранттардың елде қалуын қамтамасыз ететін заң қабылдау үшін демократтармен ашық жұмыс істеуі мүмкін.
Жалпы, оның жаппай депортациялау жоспарын жариялауы президенттік науқанындағы басты уәдесі болған. Президент сөзінше, бағдарлама қылмыс жасаған заңсыз иммигранттардан басталады. Бұл туралы Кристен Уэлкермен болған сұхбатында айтқан.
ӨЗГЕЛЕРГЕ ДЕ КЕЗЕК КЕЛЕДІ
Біз қылмыскерлерді елден қууымыз керек. Бұл қадамды қылмыскерлерден бастаймыз, сөзсіз солай істеген жөн. Содан кейін кезек өзгелерге келеді, не болатынын уақыт көрсетеді. Өзге деген ол – қылмысқа қатысы жоқ адамдар, – деді Дональд Трамп.
Бұған дейін АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамп 2021 жылдың 6 қаңтарында Вашингтондағы Капитолиге басып кіргені үшін сотталғандарды кешіретінін жазған едік.