×
523.86
544.34
5.11
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.86
544.34
5.11

Жұлдыз Әбдікәрімованы алдап соққан құрылыс компаниясының басшысына қылмыстық іс қозғалды

Жұлдыз Әбдікәрімованы алдап соққан құрылыс компаниясының басшысына қылмыстық іс қозғалды
Фото: ашық дереккөз

Әнші Қайрат Нұртастың жары, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова алаяқтарға алданып, пәтерінен айырылған болатын. Ол бірнеше рет соттасқан. Енді бірнеше адамды алдаған құрылыс компаниясының басшысына қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СОТ МӘЛІМДЕМЕСІ

Жәбірленуші ретінде Ж. Абдукаримова заңгерлердің көмегіне сүйеніп, пәтерін қайтарып алу мақсатында, аудандық, содан кейін қалалық сотқа жүгінеді. Екі соттың шешімі де жәбірленушінің пайдасына шешілмей, пәтер де, құрылыс компаниясы салып беруі тиіс болған коттедж де қайтарылмады.

Екі соттың да барысында заңсыз әрекеттер орын алып, соттың талаптары орындалмады. Жауап беруші екі соттың да отырысына қатыспады. Жәбірленушінің келтірген дәлелдері сот тарапынан ескерусіз қалдырылды, – деп хабарлады Астана қаласының соты.

Бүгінде іс Жоғарғы сотқа берілген.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Онлайн трансляциялануын талап етемін». Жұлдыз Әбдікәрімова жақын адамын сотқа беретінін айтты

ҚАНДАЙ ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯ

Айта кететін жәйт, «TUMARGrandVillage» құрылыс компаниясына алданып, үлкен соммадағы қаражатын қайтара алмай отырған жәбірленушілердің саны оннан асады.

Бүгінгі таңда жәбірленушілердің топтық шағымдануымен құрылыс компаниясының басшысына алаяқтық бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Осы орайда, Қазақстан Республиканың азаматшасы, көпбалалы ана ретінде Ж. Абдукаримова басынан өткен заңсыз іс-әрекеттерге көпшіліктің, бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аудартып, шындықтың орнайтынына үміттенеді, – делінген хабарламада.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: «Парламенттен хабарласты»: Жұлдыз Әбдікәрімова баспасөз жиынын өткізетінін мәлімдеді