Бүгін таңертең халықаралық нарықтарда шикізат тауарларының бағасы төмендеді, ал Қазақстандағы айырбастау орындарында доллар бағамы өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мұнай
Brent маркалы мұнайдың бағасы 0,36%-ға төмендеп, бір баррельдің құны 71,88 долларды құрады. WTI маркалы мұнайдың фьючерстері 0,42%-ға арзандап, бір баррель үшін 68,08 доллар болды.
Алтын бағасы өсті. Алтынның фьючерстерінің құны 1,41%-ға көтеріліп, бір унциясы 2 670,23 долларды құрады. Бұл нақты уақыттағы көрсеткіштер (10 желтоқсан, 9:00).
Қазақстанның валюта нарығында да белсенділік байқалады. Алматыда айырбастау орындарында АҚШ долларын орташа есеппен 507 теңгеден сатып алып, 512 теңгеден сатуда. Астанада курс сәл өзгеше – долларды 509 теңгеден сатып алып, 516 теңгеден сатуда.