×
516.93
542.52
4.98
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.93
542.52
4.98

Екінші тоқсан аяқталуға жақын қалғанда министрлік мәлімдеме жасады

10.12.2024, 10:02
Екінші тоқсан аяқталуға жақын қалғанда министрлік мәлімдеме жасады
Фото: kloop.kg

Оқу-ағарту министрлігі екінші тоқсанның аяқталуына санаулы күндер қалғанына байланысты оқушылардың қысқы каникулын тиімді өткізуге арналған әдіснемелік ұсыным жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

 

Қысқы каникул кезеңі 2024 жылдың 30-желтоқсаны мен 2025 жылдың 8-қаңтарын қоса алғанда он күнге созылады.

Министрлік мәліметінше, мектеп оқушыларының қысқы демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары жасалған. Ол бойынша мектептерде бірқатар білім беру, спорттық, мәдени және шығармашылық іс-шаралар өткізу жоспарланған:

• «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру аясында «Қыста кітап оқимыз, жадымызға тоқимыз» мектепішілік іс-шарасы;
• театр фестивальдері мен қойылымдары;
• жаңа жылдық әшекейлер жасау бойынша шеберлік сабақтары;
• қауіпсіздік сабақтары;
• мұражайларға, ғылыми орталықтарға және тарихи ескерткіштерге танымдық экскурсиялар;
• спорттық ойындар, коньки, шаңғы тебу;
• қайырымдылық акциялары және басқа да шаралар.
 

“Ең бастысы - балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта ата-аналармен бірге жол-көлік жарақаттарының алдын алуға, мектептің ішкі тәртібін сақтауға, балалардың көшедегі қауіпсіздігіне, үйдегі өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздікке ерекше назар аударылады” делінген хабарламада.

Бұл іс-шаралар білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсыным ретінде жолданады.