×
516.93
542.52
4.98
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.93
542.52
4.98

Шымкентте көшеде іш киіммен жарнамаға түскен қыз 5 тәулікке қамауға алынды

10.12.2024, 19:04
Шымкентте көшеде іш киіммен жарнамаға түскен қыз 5 тәулікке қамауға алынды
Көрнекі сурет

Оған ұсақ бұзақылық бабы бойынша әкімшілік айып тағылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бойжеткен Е.-ге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 1-бөлігі бойынша (қоғамдық орындарда айналасындағыларға құрметпен қарамауды бiлдiретiн, қоғамдық тәртiп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын әрекеттер ) әкімшілік іс қаралған.

БОЙЖЕТКЕН НЕ БҮЛДІРДІ

Е. 2024 жылдың қараша айында Шымкент қаласындағы Әл-Фараби алаңында орналасқан «Shymkent Plaza» сауда үйінің алдында, жартылай жалаңаш күйде іш киіммен жарнамаға түскен.

Сотта Е. өзінің кінәсін мойындап, өкінетінін, соттан қатаң жаза қолданбауын сұрады.

СОТ ШЕШІМІ

ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын, төңiрегiндегiлердi сыйламаушылықты бiлдiретiн басқа да осындай iс-әрекеттер жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Аталған бапқа сай, бойжеткен өз әрекетінің құқыққа қарсы сипатын сезініп, саналы түрде жол бергендіктен әкімшілік құқық бұзушылықтарды қасақана жасаған деп танылып, 5 тәулікке  қамауға алынған.

Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.