Алматыда метроның “Абай” станциясында 26 жастағы жігіт рельске құлап, мерт болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ
Метрода 26 жастағы көзі нашар көретін ер адам рельске құлаған. Оқиға болған сәттегі видео әлеуметтік желіге тарап кетті. Видеодан куәгерлердің вагонды итеріп, оны шығарып алмақ болғанын көруге болады. Полиция мен жедел жәрдем оқиға орнына шұғыл жетті. Алматы метрополитені қайлығы жағдайды растады.
Оқиға салдарынан көзі нашар көретін 26 жастағы жігіт көз жұмды. Жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр, – деп мәлімдеді Алматы полиция департаменті.
Ведомство болған оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ
Алматы метрополитенінің мәліметінше “Абай” бекеті уақытша жабылатынын мәлімдеді.
Метро қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Алайда полиция қызметкерлері тергеу жұмыстарын аяқталғанша Абай бекеті уақытша жабылды. Сәйкесінде пойыздар аталған бекетке тоқтамайды, – делінген мәлімдемеде.