Адвокат Саида Тәуекелова журналистерге тергеушілер осы күнге дейін Талғардағы Шерзат Полаттың үйін өртеп жіберген адамдарды таба алмағанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Саида Тәуекелова зардап шеккен отбасының мүддесін қорғайды. Екі айдан бері үйді өртегендер табылмағанын баспасөз мәслихатында айтты.
– Кеше біз облыстың прокурорымен кездестік, ол бізге тергеудің барлық нәтижелерін баяндады. Ол сондай-ақ іс аяқталуы мүмкін екенін де айтты, өйткені бірқатар процедуралар, қажетті сараптамалар қазірдің өзінде жүргізіліп болған. Әзірге ешкім табылған жоқ. Олар қандай үлкен жұмыс істегендерін айтты, бірақ әзірге нәтиже жоқ, — деді ол.
ҚАРЖАУБАЙДЫҢ ҰСТАЛУЫ
Талғарда 10 желтоқсан күні полиция Қаржаубай Нұрымовты ұстаған еді. Бауыры Нұрқанат Ғайыпбаевті қара жерге тапсырғаннан кейін Қаржаубай Нұрымов пен оның туған-туыстары құқық қорғау органдары қызметкерлерінен тағы да әділ тергеуді талап еткен еді. Видео әлеуеттік желілерде пайда болған. Нұрқанат пен Шерзаттың туған-туыстары жолға шығып, болған жайтты баян еткен. Наразылықтарын жеткізген.
Кейін Шерзаттың әкесі мен әпкесі 15 күнге қамалғаны белгілі болды.
НҰРҚАНАТТЫҢ ҚАЗАСЫ
Ресми мәліметке сәйкес, Нұрқанат Ғайыпбаев өз-өзіне қол салған. Полиция ер адам күзетілетін объектіден сағат 23:30-да жеке автокөлікпен шығып кеткенін хабарлады.
ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА
4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.