×
524.66
550.21
5.09
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.66
550.21
5.09

Тоқаев 2026 жылға дейінгі бюджеттік түзетулерді бекітті

14.12.2024, 10:46
Тоқаев 2026 жылға дейінгі бюджеттік түзетулерді бекітті
Ақорда

Президент 2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджетке енгізілген түзетулерді бекітті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Мемлекет басшысы «2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды”, деп жазды Ақорда.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Бірнеше жылдан бері ел бюджетінде тапшылық орнап, бюджеттің кірісінен шығысы көп болып тұр. Жуырда Қазақстан республикалық бюджеттің тапшылығын жабу үшін шетелдік үш банктен 600 млрд теңге қарыз алатыны белгілі болды. Осы қарызды алдағы 10-15 жылдың ішінде Қазақстан республикалық бюджет есебінен өтеуі керек. Қарыз туралы заң жобаларын Сенат мақұлдады.