×
504.44
545.65
5.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
504.44
545.65
5.95

7 жылда бюджеттің шығыс бөлігі 2,5 есеге өсті

14.12.2024, 11:40
7 жылда бюджеттің шығыс бөлігі 2,5 есеге өсті
Ulysmedia коллажы

Қазақстандық саясаттанушы Данияр Әшімбаев республикалық бюджетке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оның айтуынша, бюджет шығыстары 7 жылда 2,5 есеге өсіп кеткен.

“Кестеде көрсетілгендей, кіріс бөлігі шығындарды ізін қуып жете алмай келеді. Бюджет шығыстарының құрылымында әлеуметтік төлемдердің барлық түрлері басым, ал өсіп келе жатқан мемлекеттік қарызға қызмет көрсету төлемдері өсіп барады”, дейді саясаттанушы.

Сонымен бірге Әшімбаев даму бағдарламаларының тиімділігі өте күмәнді болып қала беретінні де атап өткен.

“Өкінішке қарай шығындарды қысқартуға, бюджеттік инвестициялардың сапасын арттыруға ешкім әрекеттенбейді. Сонымен, экономикалық саясат тұтастай алғанда күмәнді кәсіпорын болып қала беретінін мойындауымыз керек”, дейді Әшімбаев.

Еске сала кетсек, бүгін Президент Тоқаев үш жылға арналған бюджетке енгізілген түзетулерді мақұлдаған заңға қол қойды.